Пхукет - Алматы бағытындағы ұшақта ер адам орнында отырып, дәрет сындырған, деп хабарлайды MADENIPOR...
Иранда кемінде 230 оқушы мен мұғалім қаза тапқан
ашық дереккөз
135
АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранда кемінде 230 оқушы мен мұғалім қаза тапты. Бұл туралы елдің білім министрлігі айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
«Біздің қымбат Отанымызға қарсы қатыгез агрессия басталғалы бері осы уақытқа дейін 230 оқушы мен мұғалім қаза тапты», — делінген хабарламада.
Бұл ақпаратты Иранның мемлекеттік телерадио компаниясы таратты.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға соққы жасай бастаған еді. Қақтығыстың алғашқы күнінде-ақ Иранның оңтүстігіндегі Минаб округіндегі мектеп шабуылға ұшырады. Соның салдарынан 168 оқушы, сондай-ақ 14 мұғалім мен мектеп қызметкері қаза тапқан. Иран Қызыл Жарты ай қоғамы мәліметінше, 498 мектеп, 17 құтқару пункті және 12 құтқару көлігі зақымданған.