Испания 16 жылдан кейін қайта әлем чемпионы атанды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
231

Футболдан әлем кубогының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жеңіс голын 106-минутта Ферран Торрес  (суретте 7-нөмерде) салды. Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпаз қосымша уақытта анықталды.

Ойында бір ғана гол салынғанымен финал Испанияның басымдылығымен өтті. Матч барысында Испания Аргентина қақпасына 20 соққы жасаса, Аргентина ойын соңында екі соққы бағыттады.

Нью-Йоркта өткен финалды АҚШ президенті Доналд Трамп келіп көрді.

Осылайша Испания екінші рет Еуропа чемпионатын және әлем кубогын қатарынан жеңді. Бұл құрама 2024 жылы Еуропа біріншілігінде жеңіске жеткен.

Испания 2008 жылы Еуропа чемпионатын, 2010 жылы әлем кубогын жеңген еді.

2022 жылы әлем чемпионы атанған Аргентина бұл жолы күміс жүлдегер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Mad...