Шетелге шыққанын ресми растадық: Атыраудағы жоғалған отбасы мүшелеріне қатысты өзгеріс бар ма?

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1217

Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасы туралы өзгерістердің бар-жоғы нақтыланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында істің мән-жайына қатысты жаңа мәліметтерді жария етті.

Оның айтуынша, отбасының күйеу баласы қазір күдікті ретінде халықаралық іздеуге жарияланған. Ал Ақбаян із-түссіз жоғалған адам ретінде ресми есепте тұр және іздестіріліп жатыр.

"Бұл отбасының күйеу баласы қазіргі таңда күдікті ретінде халықаралық іздеуде тұр. Ал Ақбаян із-түссіз жоғалғандардың есебінде іздеуде тұр. Полиция бұл кісілердің нақты қай елде екендігін ресми растаған жоқ. Алайда бұл азаматтардың Атыраудан Шымкентке, Шымкенттен Өзбекстан арқылы өзге елдерге тысқары шыққанын ресми растадық", –деді Атырау облысы полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жақындады. Бір отбасыны...