Қытайда AgiBot A2 гуманоид роботы 106,286 шақырымды жаяу еңсеріп, жаңа әлемдік рекордқа қол жеткізді...
Израиль Газадағы ауруханаға соққы жасады
Фото: ВВС
2667
Газадағы индонезиялық ауруханаға жасалған соққы салдарынан кемінде екі науқас қаза тауып, тағы 40 пациент пен медицина қызметкері жараланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлім еткен.
Кеше түнде Газадағы индонезиялық ауруханаға жасалған соққыдан 40 науқас пен медицина қызметкері жараланды. Аурухананың генераторына зақым келіп, электр өшіп қалған. Соның салдарынан жағдайы ауыр екі науқас қаза болды, - деп жазды Гебрейесус желідегі парақшасында.
Сонымен қатар ол бұл өңірде оқ атуды дереу тоқтатуға шақырды.