Америкалық Axios порталының хабарлауынша, Нетаньяхудың коалициялық үкіметіндегі 24 министр келісімге дауыс берсе, сегізі қарсы болған. Үкімет отырысы еврейлердің сенбі күні жұмыс жасамау дәстүрін бұза отырып өтті, бұл өте ерекше әрі маңызды жағдайларда ғана болады.
Бұған дейін Израильдің әскери-саяси кабинеті ел үкіметіне Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босатуға бағытталған Хамаспен келісімді қабылдауды ұсынған. Премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеңсесі жұма күні, 17 қаңтарда жариялағандай, келісім содан бері министрлер кабинетінің қарауына жіберілді.
15 қаңтарда Израиль мен Еуропалық Одақ пен АҚШ лаңкестік деп таныған палестиналық Хамас тобының өкілдері атысты тоқтату және кепілге алынғандарды айырбастау туралы келісімге келгені белгілі болды.
Келісім бірінші кезеңде 42 күндік атысты тоқтатуды және Газа секторында барымтадағылардың бір бөлігін босатуды көздейді. Жауап ретінде Израильдегі палестиналық тұтқындар әрбір израильдік азаматқа 30 палестиналық және әрбір әскери қызметкерге 50 палестиналық азамат босатылуы керек.
17 қаңтарда израильдік БАҚ келісімнің бірінші кезеңі аясында Израиль түрмелерінде ұсталған палестиналық тұтқындарға айырбасталатын 33 адамның тізімін жариялады. Израиль билігі тізімдегі адамдардың көпшілігі тірі деп есептейді, дегенмен кепілге алынғандардың жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.