Блогер әрі адвокат Айгүл Орынбек әнші Әбдіжаппар Әлқожаны сынға алып, оның заң алдында жауап беруін...
ІІМ Бишімбаевтың тағы бір "былығын" тексеріп жатыр
Бейнежазбадан
Ішкі істер министрлігі Нүкенованың анасы сотта айтып қалған "Бишімбаев бала қағып кеткен" деген сөзіне қатысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Нүкенованың анасының сөздері назардан тыс қалмағанын айтты.
"Ішкі істер министрлігі барлық факті бойынша тексеру жүргізді. Қазір тергеу бөлімінің бастығына тапсырма беремін. Егер бұл факті болса, оны тексереміз. Егер жоқ болса, мен оларға қарауды бұйырамын, бірақ іс сотта. Сот бізге қосымша ұйғарым шығаруы мүмкін. Егер сот отырысында жаңа мән-жайлар туындаса, олар бізге тергеуді, тексеруді тапсырады", – деді ол.
Бұған дейін сот отырысында Бишімбаев аса қатыгездікпен кісі өлтіргенін мойындамайтынын айтқан еді. Сол сәтте Салтанат Нүкенованың анасы көзіне жас алып, бүкіл сот залына оның әрекеті туралы айтқан.
"Мен қызымды жерледім. Оның жүзін де көрмедім. Бұлай айтуға қалай дәтің барады?! Оны бірнеше сағат бойы қинап өлтірді. Өткен өмірің туралы айтып беруімді қалайсың ба? Баланы қалай өлтірдің?”, – деген болатын Салтанаттың анасы.