Украиналық әртістер Германиядағы циркте биіктен құлап кетті

Сурет: oxu.az

ЖАҢАЛЫҚТАР
1223

Германияның Штутгарт қаласындағы циркте өткен рождестволық қойылым кезінде қайғылы оқиға болды. Украинадан келген екі әртіс шамамен 2 400 көрерменнің көз алдында үлкен биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы BİLD жазды.

Мәліметке сәйкес, зардап шеккендер — Flight of Passion дуэтінің мүшелері: 49 жастағы Дмитрий және 19 жастағы Дарья. Өз нөмірі барысында олар арнайы ленталарға ілініп, әуеге көтеріліп, түрлі трюктер орындаған.

Қазіргі уақытта екі әртістің де кенеттен төменге құлап кетуінің нақты себебі белгісіз. Куәгер, 68 жастағы Ингеборг Лепка (қойылымға немерелерімен келген) көрермендер алғашында құлауды шоу бағдарламасының бір бөлігі деп ойлағанын, бірақ кейін екі орындаушының да тарс етіп еденге соғылғанын айтты.

Екі зардап шегуші ауыр жарақатпен жедел жәрдем көліктерімен қаланың әртүрлі клиникаларына жеткізілді. Оқиғаға қарамастан, оқиғадан бір сағат өткен соң шоу жалғастырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...