Экс-президент пен оның әйелі 15 жылға сотталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
665

Перу соты бұрынғы президент Оллант Умалды 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Латын Америкасын дүр сілкіндірген іс бойынша сот шешімі шықты. Экс-президент ақшаны жылыстатқаны үшін кінәлі деп танылды.

Перу баспасөзінің хабарлауынша, Умал мен оның әйелі Надин Эредия 2006 және 2011 жылдардағы сайлау науқандары кезінде Бразилияның Odebrecht құрылыс компаниясы мен Венесуэла үкіметінен шамамен 3 миллион доллар қаражат алған. 

Умаланың әйелі де сайлау науқаны кезінде ақша жымқырғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар экс-президенттің әйелінің ағасы Илан Эредия да осы іс бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья сотталушылардың айыбы толық дәлелденгенін мәлімдеді. 

Хумала басқа да экс-президенттермен бірге Лимадағы «Барбадилло» түрмесінде жазасын өтейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) жасанды интеллектке арналған сессияда үй т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байғанин ауданында құдыққа түсіп кеткен кішкентай қызды құтқарамын деп қайтыс болған спортшы туралы...