ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айзада Құрманова JEBE қоғамдық бірлестігімен кездесті, деп хабарл...
«Сұмдық жайт»: 20 жастағы немересі атасы мен әжесін аяусыз өлтіріп кеткен
Сурет ашық дереккөзден алынды
Башқұртстанда зейнет жасындағы ерлі-зайыпты кісі қолынан қаза тапты. Күдікті ретінде олардың немересі ұсталды, деп хабарлады madeniportal.kz.
76 жастағы ер адам мен оның 64 жастағы жұбайы маусым айының басынан бері туыстарының қоңырауына жауап бермей қойған. 7 маусым күні жақындарының бірі оларды іздеп, Месягутово ауылындағы үйіне барған. Алайда есік ашылмаған, ал олардың ұялы телефондары сөндірулі болған.
Жергілікті полиция шақыртылып, тәртіп сақшылары пәтердің ашық тұрған терезесінен ішке кірген. Сол жерде ерлі-зайыптының мәйіттері табылды — олар мойны мен арқасынан пышақталған. Алдын ала мәліметке қарағанда, олар оқиға орнында үш күн бұрын көз жұмған. Сонымен қатар зейнеткердің көлігі де ізім-ғайым жоғалып кеткен.
Көп ұзамай жоғалған көлік Пермь өлкесіндегі Кунгур ауданынан, жол жиегінен табылды.
Тергеу барысында басты күдікті ретінде қаза тапқандардың 20 жастағы немересі — Денис Х. анықталды. Ол әскери борышын өтеп жүрген және 11 мамырда бес апталық демалысқа келген. Шамамен екі аптаға созылған іздестіруден кейін ол Пермь қаласынан табылып, өз кінәсін мойындады.
Қазір ол адам өлтіру бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.