Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында блогер әрі заңгер Молдахан Әділетханға қатысты қылмыстық іс...
Каспийде көз жұмған сарбаздардың бірі дзюдодан чемпион болған
Фото: ашық дереккөзден
1404
Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқандардың арасында ел чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Кеше Каспий теңізінде болған қайғылы жағдайда көз жұмған жас сарбаздардың бірі Сержан Аяпберген әскерге дейін бірнеше жыл самбо және дзюдомен айналысып, жарыстарда туған жері Маңғыстау облысының намысын қорғаған.
Sports24.kz мәліметінше, ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД студенттерінің жарыстарында жүлделі орындарға ие болған. Сондай-ақ дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлерге қатысқан.
Каспийде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 12 адамның тізімінде матрос Сержан Аяпбергеннің де аты-жөні болған еді.