Трамп Ираннан кейін Кубаға кіріспек

Фото: Ақ үй

ЖАҢАЛЫҚТАР
1026

Politico басылымына берген сұхбатында Трамп АҚШ-тың қысымынан кейін Куба келіссөзге мүдделі болып отырғанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, Вашингтон аралға мұнай мен қаржы жеткізілімдерін шектеп, негізгі ресурс көзі болған Венесуэла арқылы келетін жеткізілімдерді де тоқтатқан.

"Куба да құлайды. Біз мұнайды, ақшаны, Венесуэладан келетін барлық жеткізілімдерді тоқтаттық. Олар келісім жасағысы келеді, оларға көмек керек. Біз Кубамен сөйлесіп жатырмыз", — деді Трамп.

Сонымен бірге ол бұл жағдайдың «оның араласуынан» болғанын да мойындады. Трамптың айтуынша, Куба мәселесі ондаған жыл бойы талқыланып келе жатқанымен, өзі үшін бұл "ең маңызды мәселелердің бірі емес".

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...