ҚР Құрылтайының бірінші сессиясы: Тарихи бетбұрыс және жаңа даму кезеңі

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
110

Құрылтайдың бірінші сессиясында Мемлекет басшысы өз сөзінде Құрылтай депутаттарына жүктелетін жауапкершіліктің жоғары екенін атап өтті. Айтуынша, Құрылтайдың алғашқы құрамы елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқаруы тиіс, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Жалпы, Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет». 

Мемлекет басшысы Қазақстанның қазіргі даму бағытына да тоқталып, елдің жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтті.

«Қазіргі таңда еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстан жаңа өрлеу кезеңіне қадам басты. Биыл еліміздің болашағы үшін мән-маңызы зор көптеген тарихи оқиғалар болды. Халқымыз аз уақыт ішінде бір ұлт болып көп жұмыс атқарды. Елімізде жалпыұлттық референдум арқылы ауқымды конституциялық реформа табысты жүзеге асырылды. Осылайша, біз нағыз Халық Конституциясын қабылдадық». 

Жаңа Конституцияның қабылдануы елдің саяси-құқықтық дамуына жаңа бағыт берген маңызды қадам ретінде сипатталады. Президент негізгі заңның күшіне енуі Қазақстанның одан әрі дамуы мен тұрақты өсіп-өркендеуіне берік құқықтық негіз қалыптастырғанын айтады. 

«Жаңа Конституцияның өз күшіне енуін төл тарихымыздағы аса маңызды бетбұрыс деп бағалауға болады. Соның нәтижесінде өсіп-өркендеуімізге жол ашатын мықты заңды негіз қалыптасты. Қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатын мүлде жаңа саяси-құқықтық жүйенің іргетасы қаланды.»

Президент өз сөзінде реформалар мемлекет құрылымын жаңартып қана қоймай, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың ел басқаруға белсенді қатысуына жол ашатынын айтты. 

«Бұл жүйе мемлекет құрылымын толық жаңғыртып, билік институттарының тиімділігін арттырады, сондай-ақ, азаматтарымыздың ел басқару ісіне атсалысуына нақты мүмкіндік береді». 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жасында көз жұмған Мадина Рашидқызы туралы ауылдағы көршісі пікі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Қазақстан Халық Кеңесі құрылатынын мәлім...