Каспийдегі қайғылы оқиға: Қанат Ниязбеков қамауға алынды

gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
145

Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

«ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында қызметіне салғырт қарады деген күдікпен Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – деп хабарлады ІІМ.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.