Кедейлік деңгейі ең төмен өңір ретінде Астана қаласы тіркелді

Фото: frepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1097

2025 жылдың III тоқсанындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда бір миллионнан астам адам ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыспен өмір сүреді. Бұл ел халқының 5,3 пайызына тең, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кедейлік деңгейі ең жоғары өңір - Түркістан облысы. Мұнда 194 мың адам, яғни өңір тұрғындарының 9 пайызы кедейлік шегінде өмір сүреді. Дегенмен, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға төмендеген.

Келесі орындарда:

Маңғыстау облысы - 8,2% немесе 66,7 мың адам (+4,5%),

Абай облысы - 7,9% немесе 47,2 мың адам (-8,9%),

Жетісу облысы - 7,7% немесе 53 мың адам (-6%).

Кедейлік деңгейі ең төмен өңір ретінде Астана қаласы тіркелді - 2,7% немесе 44,1 мың адам. Алайда елордада кедейлік шегінде өмір сүретін тұрғындар саны бір жыл ішінде 3,2 пайызға артқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...