Жоғары Сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы тағайындалды

Жаңалықтар
499

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дәурен Мұратбековтің екі жоғары білімі бар, ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «қаржы бакалавры» мамандағы бойынша бітірген.

Еңбек жолын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы лауазымынан бастап, Заң департаментінің директоры қызметіне дейін көтеріліп, барлық кәсіби өсу баспалдақтарынан өткен.

2006 жылдан бері ҚР ЭжБЖМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің сарапшы, бас сарапшы, ҚР ЭДСМ Экономика салаларын дамыту департаментінің басқарма басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2011 - 2014 жылдары «Ұлттық инновациялық қор» АҚ орталығы директорының орынбасары және «Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ орталығының басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бері ҚР ҰЭМ Заң департаментінің директоры.

2016 жылы ҰЭМ Әдеп жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...