Белгілі әнші Әли Оқапов әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Ән...
Келін енесін өлтіріп, етінен манты жасап жеген
Фото: Pixabay
Өзбекстанның Ангрен қаласында келін мен ене арасындағы дау-дамайдан кейін келіні енесіне пышақ сұғып өлтіріп, етінен манты әзірледі, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Orda.kz сайтына сілтеп.
Uz24.ru басылымының мәліметінше, келін мен ене арасындағы дау-дамай көптен бері жалғасып келген. Егде әйелдің ұлына деген шамадан тыс қызғанышы мен ұрыс-керіс отбасындағы ахуалды ушықтыра түскен.
Қайғылы оқиға сол күні келіні ас дайындап жатқан кезде болған. Кезекті жанжал кезінде әйел ашуға беріліп, енесіне пышақ салған. Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмған. Қылмысын жасыру үшін келін марқұмның денесін бөлшектеп, үй ауласындағы бақшаға көміп тастаған. Оқиғадан хабардар болған күйеуі әйелімен сөйлеспек болғанда, келін оны да өлтірген.
Күдікті қылмысын жасыру үшін манты дайындап, оны көршілеріне таратқан. Біраз уақыттан соң қылмыс ашылып, әйел ұсталды.
Сот үкімімен келін 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.