Димаш Құдайберген түркі елдері басшыларының алдында өнер көрсетті

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
145

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшылары қатысқан концертте өнер көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мәдени іс-шарада «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі түркі мемлекеттерінің таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.

Концерт барысында мәртебелі меймандар түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады. Сондай-ақ сахнаға Түркияның танымал әншісі Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген шықты.

Мәдени кеш түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы мен өнерін дәріптеуге арналды.

PESTEL

Түркияның Каппадокия аймағында туристер көп баратын табиғи жартас түзілістерінің бірі опырылып, үш а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында математика пәнінің мұғалімі кішкентай ұлы мен бірге тұрған әйелін...