Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында жер қойнауын пайдалану және геоло...
Жетісуда өзенге құлап кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды
Фото: Видеодан кадр
2242
Жетісуда өзенге құлап, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Кербұлақ ауданында жоғалған әскери қызметкерді Жетісу ТЖД құтқарушылары тапты. Марқұмның денесі бүгін, 15 мамырда мәйіт ағыс бойымен 15 шақырым төмен жерден табылды. 36 жастағы ер адамның денесі полицияға тапсырылып, сараптама тағайындалды.
«ТЖД, орман күзеті күштері, жергілікті атқарушы органдары, полиция, әскери полиция және қорғаныс министрлігінің бөлімше қызметкерлері ауқымды іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Барлығы 98 адам мен 22 техника, соның ішінде жүзу құралдары, дрондар жұмылдырылды», деп хабарладыьЖетісу облыстық ТЖД.