Алматыда жасөспірім тау шыңынан құлады

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2218

Алматыда ауға шыққан жасөспірімдердің бірі Хрищатый шыңына шыққан кезде биіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Оқиға туралы Алматы қаласының құтқару қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне оқиға туралы хабарлама сағат 11:55-те түскен. Оқиға орнында зардап шеккен адамның үш досы болған, олардың жасы 15-17 жас аралығында. Олар өздерінің досының биіктен құлап кеткенін және құтқарушылардың шұғыл көмегі қажет екенін айтқан.

Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімді ауыр жағдайда тапты. Шамамен 15:30-да құтқарушылар Республикалық жедел-құтқару жасағының (РЖҚЖ) қызметкерлерімен кездесіп, зардап шеккенді бірлесіп түсіруді жалғастырды. Жасөспірім төменге жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...