Қазақстанда қыз балаларға ең көп қойылатын есім қандай?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2045

Былтыр Қазақстанда 5,6 мың қыз балаға Айлин, ал, 5,5 мың қыз балаға Медина деген ат қойылған, деп хабарлайды Madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, елімізде 5 мың адам жаңа туған қызына Асылым деген ат, тағы 4,5 мың адам Айша деген есім және 3,4 мың адам Томирис есімін берген.

«Жалпы алғанда, 2024 жылы туған 1000 қыздың 135-і осы бес есімнің біреуін алған», - деп жазылған зерттеуде.

Ал, ұлдар арасында ең көп көздесетін есім Мұхаммед есімі болған, былтыр туған 3,7 мың баланың аты Мұхаммед. Ал, тағы 2,7 мың бала осыған ұқсас Мухаммад есімін алған. Қатарынан тоғыз жыл бойы бірінші орыннан түспеген Әлихан деген есім былтыр 2,7 мың балаға қойылған екен. Ұлдар арасындағы топ-5 есімнің соңғы сатысында Айсұлтан аты тұр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...