Көзжұмған фельдшердің анасы 20 млн теңге дауына қатысты Руслан Өтепбайға айтып берді

Фото: ult.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
932

23 жасында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы журналист Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әңгіме барысында анасы қызының соңғы күндері, қайғылы оқиғадан кейінгі жағдай және марқұмнан қалған дүние-мүлікке байланысты туындаған дау туралы айтты. 

Оның сөзінше, Ұлдананың қазасы отбасы үшін орны толмас қайғы болғанымен, кейіннен қызынан қалған мүлікке қатысты мәселелер де туындаған. Бұл даудың өзегінде 20 миллион теңге мәселесі тұрғанын айтқан анасы, жағдайға қатысты өз нұсқасын жеткізді. 

Сонымен қатар ол Ұлдананың жолдасының кейін қайта үйленуі және осыдан кейінгі жағдайларға да тоқталды. 

Сұхбатта марқұм фельдшердің анасы қызының өмірінің соңғы күндерін еске алып, қазасынан кейін отбасы ішінде болған жайттарды ашық айтты. 

Ұлдананың анасы бұл мәселелердің отбасы үшін әлі де ауыр екенін жеткізді. 

Толық сұхбатта ол қызының қазасына қатысты жағдай, артында қалған мүлік, 20 миллион теңге дауы және күйеу баласының кейінгі өмірі туралы пікір білдірді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...