Күйеуін алдаған әйел бірнеше аптадан кейін миллионер атанды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
161

Үш баланың анасы күйеуіне лотереядан қомақты қаражат ұтып алғанын айтып, қалжыңдаған. Алайда арада бірнеше апта өткенде әйелдің әзілі шындыққа айналып, өзі миллионер атанған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шарлотта Пирт есімді әйел күйеуі Дэниелге лотереядан 250 мың фунт стерлинг ұтып алғанын айтып, оны әбден сендірген. Кейін мұның жай ғана қалжың екенін мойындаған.

Алайда 2018 жылғы 28 тамызда әйел лотереядан шынымен де 1 миллион фунт стерлинг ұтып алған.

Қуанышты хабарды күйеуіне жеткізгенде, ер адам оның сөзіне бірден сенбеген. Ол әйелінің тағы да қалжыңдап тұрғанын ойлаған.

Қомақты ұтыс ерлі-зайыптының тұрмысын өзгерткен. Олар бес жатын бөлмесі бар жаңа үй сатып алып, балаларымен бірге Лапландияға саяхаттаған.

Адам сенгісіз бұл оқиға Ұлыбританияда болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 2028 жылды қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовқа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында сотталған азаматпен кездесуге келген әйелден бейнежазбаға арналған жас...