Африкада Эбола вирусының жаңа өршуі тіркелді. Қазірдің өзінде шамамен 246 ықтимал жұқтыру жағдайы ті...
Түрмеге жасырын камера алып кірмек болған әйел ұсталды
Фото: freepik
118
Солтүстік Қазақстан облысында сотталған азаматпен кездесуге келген әйелден бейнежазбаға арналған жасырын құрылғы табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға №51 түзеу мекемесінде болған. Әйел ұзақ мерзімді кездесуге келген кезде мекеме қызметкерлері оның жеке заттарын тексерген.
Тексеру барысында кәдімгі шарикті қаламның ішіне дыбыс пен бейне жазатын құрылғы жасырылғаны анықталды. Сондай-ақ қаламның ішінен SD жад картасы табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.