9 жасар қыз 25-қабаттан құлап аман қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Қытайда 9 жасар қыз 80 ме...
Әскери тікұшақ құлап, сегіз адам көз жұмды
Фото: ЖИ
259
Перудің Аякучо өңірінде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Peru21 басылымының мәліметінше, қаза тапқандардың бесеуі – Әуе күштерінің, үшеуі Құрлық әскерлерінің қызметкерлері.
Тікұшақ бортындағы тоғыз адамның тек біреуі аман қалған. Апаттан тірі шыққан ұшқышты ел астанасы Лимаға жеткізу жоспарланып отыр.
Қайғылы оқиға Санабамба елді мекенінің маңында әскери операция барысында болған. Тікұшақ әскери патрульді эвакуациялауға жұмылдырылған.
Әзірге әуе кемесінің құлауына не себеп болғаны белгісіз.