2028 жыл түркі әлемінде Шыңғыс Айтматов жылы болып жарияланды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
85

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) 2028 жылды қырғыздың көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовқа арнау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл шешім Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен ұйымның Тұрақты кеңесінің 43-отырысында қабылданды. ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раевтың айтуынша, бастама қаламгердің туғанына 100 жыл толуына орай қолға алынған.

Сондай-ақ 2027 жылы түркі әлемінде қазақтың көрнекті композиторы Ғазиза Жұбанованың, ғалым Болат Сарыбаевтың және суретші Қанафия Телжановтың 100 жылдық мерейтойлары атап өтілмек. Аталған тұлғаларға арналған шаралар ұйымның келесі жылғы күнтізбесіне енгізілді.

Басқосуда қазақстандық өнер иелеріне де құрмет көрсетілді. Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «Түркі әлемінің мәдениет елшісі» орденімен марапатталса, актриса Самал Еслямоваға «Түркі әлемінің үздік әртісі» атағы берілді.

ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің келесі отырысын 2027 жылдың соңғы тоқсанында Түркияда өткізу жоспарланып отыр.

Әлем

Ауғанстанның шығысындағы Құнар провинциясында болған жойқын жарылыс салдарынан кемінде 10 оқушы қаза...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысында сотталған азаматпен кездесуге келген әйелден бейнежазбаға арналған жас...