Жаңа тәртіпке сәйкес бензин мен дизель отыны қымбаттауы мүмкін

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
520

22 қыркүйектен бастап Қазақстанда жанармай акцизін есептеудің жаңа тәртібі күшіне енеді. Сарапшылар бұл өзгеріс бензин мен дизель отынының бағасына әсер етуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

НЕхабар мәліметінше, жаңа формулаға сәйкес, акцизді есептеу кезінде қолданылатын коэффициент 50 пайыздан 95 пайызға дейін көтеріледі. Қосымша салық көтерме баға белгіленген шектен асқан жағдайда алынады.

Бензин үшін шекті баға тоннасына 214 584 теңге, ал дизель отыны үшін 284 350 теңге болып бекітілген. Егер көтерме құн осы мөлшерден жоғарыласа, айырмаға қосымша акциз салынады.

PetroMining қауымдастығының мәліметінше, саладағы салық жүктемесі қазірдің өзінде 70 пайызға жеткен. Қауымдастық өкілдері коэффициенттің көтерілуі кәсіпкерлердің шығынын арттырып, жанармай саудасын тиімсіз етуі ықтимал екенін айтады.

Сарапшылар қосымша шығынның бір бөлігі бөлшек сауда бағасына қосылуы мүмкін деп болжайды. Соның салдарынан бензин мен дизель отыны қымбаттауы ықтимал. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды,...