"Күштеуге жол жоқ": денсаулық сақтау министрі Қостанайда соққыға жығылған фельдшерге араша түсті

Фото: Envento

Жаңалықтар
78

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанайда жедел жәрдем бригадасы фельдшеріне жасалған шабуылға қатысты пікірін Instagram-дағы парағына жазды, деп хабарлайды madeniportal.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

“Жақында біз Қостанайда жедел жәрдем бригадасының фельдшеріне жасалған шабуыл жайлы естідік. Науқасқа жәрдем беруге келген жас маман Анель Баймурзинаның өзі соққы салдарынан ауруханаға түсті. Мен Анель Баймурзинаның отбасына қолдау көрсетіп, оның тезірек жазылып кетуін тілеймін. Осы оқиға назардан тыс қалмайды", - дейді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, күнде қанша адамның өмірін сақтап қалумен аянбай күресіп жүрген жедел жәрдем қызметкерлері кейде аса күрделі әрі қауіпті жағдайларға жиі ұшырасып жатады. Денсаулық сақтау министрінің басшысы жергілікті атқарушы органдардың 2019-2023 жылдар аралығындағы деректерін келтіріп, осы уақыт аралығында кәсіби қызметін атқару кезінде 158 медицина жұмысшысы зардап шеккенін жазды.

“Соған байланысты, депутатар қолдауына арқа сүйей отырып, біз кәсіби жұмысы барысында медицина қызметкерлеріне қол көтергендерге қылмыстық жауапкершілік тағайындау жөнінде бастама көтердік. Мұндай қылмыскерлер тиісті жазасын алуға, тіпті бостандығы шектелуге, қоғам сынына ұшырауға тиіс", - деп мәлімдеді министр.

Жаңалықтар

Алматы облысында 3 ай бұрын жоғалған ер адам табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Биыл қыркүйек...

Жаңалықтар

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 23 желтоқсанда ауа райы республиканың көп бөлігінде құбылм...