Оралда ішінде адамдары бар көлік мұз астына түсіп кетті

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2458

Орал қаласында ішінде адамдары бар көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.  

Қайғылы жағдай жексенбі күні кешке болған.

Жайық алабындағы Шаған өзенінің жағасында серуендеп жүрген тұрғын мұз үстіндегі көк түсті Лада көлігін көреді. Көлік біраз уақыт мұз үстінде жүріп, кейін мұздың астына түсіп, бірден батып кеткен. Оқиға куәгері бірден 102 пультіне қоңырау шалды.

Оқиға орнына келген полицейлер мен құтқарушылар судан 35 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі көлік нөмірін алып шықты.

Полиция батып кеткен көліктен екі адамның мәйітін алып шыққан. Қаза тапқандардың бірі 35, ал екіншісі 38 жаста екен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  білім беру ісінің үздігі, профессор,  әнші-композ...

ТАРИХ

Әр адамның өмірбаяны болатын секілді, әрбір елдің де өз ғұмырбаяны бар. Әл-Фараби айтқандай, &laqu...