Ақмолада трактор басып кеткен ер адамға 7 сағат бойы ота жасалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1280

Ақмолада трактор басып кеткен ер адамға 7 сағат бойы ота жасалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Жақсы ауданы Новокиенка ауылында болған. Жұмысшы трактордың астына түсіп қалған. Ол аудандық ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілген. Дәрігерлер 7 сағат бойы ота жасап. жамбас сүйектерін қайта жинап шықты.  

Науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде, дейді дәрігерлер.