Петропавлда әжесі мен немересі үйді жылыту үшін бензин генераторын орнатып, салдарынан улы газдан ул...
«Мал бақтырып, иттің етін берген». Шымкентте ер адам асырап алған балаларын қорлаған
madeniportal.kz
Шымкентте асырап алған балаларына мал бақтырып, иттің етін жегізген ер адам сот алдында жауап береді, деп хабарлайды madeniportal.kz time.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлықбек Сманов пен жұбайы үш жыл ішінде алты баланы асырап алған. Бірақ, олар ата-аналық міндетін орындамай, сол уақыт ішінде балаларды әбден азаптағаны белгілі болды.
Қамқоршылық органдары да бұл отбасының есігін мүлде қақпаған. Ауыр тағдыр кешіп жатқанын асыранды баланың үлкені Алеша балалар үйіне хабарласып, көмек сұрағанда белгілі болып отыр.
Асырап алған ұлын ер адам көмек сұрап хабарласқаны үшін аузына ат тізгінін салып, соққыға жыққан. Алеша үш жыл бойы мал баққан, қора тазалаған, әбден қорлық көрген. Мұғалімдер оның бетіндегі көгерген іздер мен сызаттарға мүлде назар аудармаған. Үлкен ұлдан кейін Смановтар бір қыз, егіз бала мен тағы екі ұлды асырап алған. Оларды Алматы, Астана және Өскемен қалаларынан алып келген.
Балалардың айтуынша, олар иттің етін, өлген малдың етін жеген. Бәрі бір бөлмеде еденде ұйықтаған.
Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Смановқа қатысты тергеу аяқталды.
Сот шешімімен бала асырап алу мен қамқоршылық жойылған бойда балалар әртүрлі қалалардағы балалар үйіне жіберіледі.