Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Респ...
Маңғыстауда екі күнде үш жұп егіз дүниеге келді
Фото: Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында екі күн ішінде үш отбасы бірден егіздердің ата-анасы атанды. Облыстық Ана мен бала перинаталдық орталығында алты сәби дүниеге келген, деп хабарлайды
Ана мен бала перинаталдық орталығының мәліметінше, нәрестелердің екеуі – ұл мен қыз, ал бір жұбы – екі ұл.
“Алғашқы егіздер 13 қараша күні сағат 14:00 және 14:09-да өмірге келді. Отбасында салмағы 2740 грамм, бойы 51 см ұл бала және салмағы 2830 грамм, бойы 52 см қыз бала дүниеге келді. Сол күні кешкі сағат 17:16 және 17:33-те тағы бір жұп егіз туды. Бұл жолы ата-анасы қос ұлды болды. Нәрестелердің салмағы 2430 және 2290 грамм, бойлары 46 см”, – деді ведомство.
Сонымен қатар келесі күні тағы да егіздер дүниеге келген.
“Ал 14 қараша күні сағат 11:58-де салмағы 3080 грамм, бойы 51 см ұл бала, ал сағат 12:15-те салмағы 2960 грамм, бойы 52 см қыз бала дүниеге келді.
Кішкентай ханзадалар мен ханшайымдардың есімдері әзірге толық анықталған жоқ. Тек бір ұл мен қыздың ата-анасы оларға Ануар және Ақнұр есімдерін берген. Осылайша, екі күнде перинаталдық орталық тарихында алты сәби өмірге келіп, үш отбасы егіздердің ата-анасы атанды”, – деп қосты ведомство.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында төртем дүниеге келіп, сол отбасыға 3 бөлмелі пәтер сыйланғаны туралы жазған жазған болатынбыз.