Атыраудағы түрмеден қателесіп басқа адамды бостандыққа шығарған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1440

Атырау облысында тергеу изоляторында қателік орын алып, жазасын толық өтеп шыққан адамның орнына басқа бір азамат бостандыққа жіберілген, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Мекеме қызметкерлері бұл жағдайды екі адамның тегі ұқсас болғандықтан шатасудан болған деп түсіндірген.

Құжат толтыру барысында қате деректер енгізілгені белгілі болды. Бұл құжаттарға изолятордың бірнеше басшысы қол қойған.

Қызметкерлер қателікті аңғарған соң, ер адам қайтадан изоляторға жеткізілген.

Ақпарат көзінің мәліметінше, изолятор қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК өкілдері келген.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл жағдай бойынша әзірге түсініктеме берген жоқ.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...