“Махаббат бер маған”: Арбада отырып Димашқа қосылып ән айтқан жігіттің әсерлі видеосы тарады

Фото: madeniportal коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
2468

Ақтауда өткен концертте Димаш Құдайбергенге қосылып ән шырқаған мүгедектер арбасындағы жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Кеше Ақтауда өткен үлкен концертте түрлі оқиғалар орын алғанын MADENIPORTAL.KZ осыған дейін жазған болатынбыз. Сондай оқиғалардың бірі әлеуметтік желіде тараған әсерлі видеоға арқау болды. 100 мың адам жиналған концертте мүгедектер арбасында отырып Димаш Құдайберге қосылып “Махаббат бер маған” деп әндеткен жігіт көптің назарына ілікті. Жас жігіт әнді бар ынтасымен айтып отырып, көзіне жас алған. Әсерлі видеоға желі қолданушылары жылы пікірлерін жазып, жас жігітке жақсы тілектерін жаудыруда. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...