Мәжіліс депутаты көп әйел алуды заңдастыруды ұсынды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2585

Қазақстанда көп әйел алу тақырыбы тағы қызу талқыға түсті. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан елде екінші әйел алуға ресми түрде рұқсат беру керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, қазіргі тыйым іс жүзінде жұмыс істемейді, сондықтан заңды не орындау, не өзгерту қажет. 

Ербол Сейілханға берген сұхбатында депутат елде көп әйел алу фактісі қазірдің өзінде бар екенін, бірақ ол ресми тіркелмегендіктен, мұндай қатынастағы әйелдер құқық жағынан қорғансыз қалып отырғанын айтты.

«Мен немесе сіз қарсы болғанымызбен, адамдар бұл істі бәрібір тоқтатпайды. Сол себепті бұл мәселені заңдастырып, реттеу қажет деп есептеймін», – деді депутат.

Сонымен бірге ол өз сөзін дұрыс түсінуді сұрап, бұл ұсыныс жеке ниеттен емес, қоғамдық қатынастарды реттеу қажеттілігінен туындағанын атап өтті.

«Мен тек құқықтық реттеу туралы айтып отырмын. Ал бір, екі немесе үш әйел алу – бұл қоғам талқылайтын мәселе», – деді Абзал Құспан. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...