«Айқайлаған»: Жасөспірімдердің жас қызға істеген ісі ашылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2127

Полиция Оралда жасөспірімдер қызға әлімжеттік көрсетіп, шабуыл жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

"Орал қаласында әскери бөлімнің 5517-ші сарбаздары патрульдеу кезінде көмек сұраған айғайды естіп, дереу оқиға орнына жетті. Әскерилер қызға жасөспірімдердің әлімжеттік жасап жатқанын көреді. Ұлттық ұлан сарбаздары бірден әрекет етіп, екі агрессивті жасөспірімді ұстап қалған", – делінген хабарламада.

Қатардағы сарбаз Ғаламат Нұрбергеннің айтуынша, олар қыздың көмекке шақырып, айғай салғанын байқап қалған.

"Сөзге келіп қалған жасөспірімдердің ұрысы төбелеске ұласты. Біз бірден араласып, жанжалды тоқтаттық", – деді ол.

Жәбірленуші қыздың анасы Татьяна Ефремова Ұлттық ұлан сарбаздары дер кезінде келмегенде, қызының денсаулығына әлдеқайда ауыр зақым келуі мүмкін екенін айтты. Зардап шеккен отбасы атынан 5517 әскери бөлімінің сарбаздарына алғыс білдірді.

"Ұсталған кәмелетке толмаған жасөспірімдер құқық қорғау органдарына тапсырылды. Ал қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді" – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...