Белгілі әнші Маржан Арапбаеваның азаматтық күйеуі Ербол Нұрмұхамбетов түнгі уақытта қоғамдық орында...
Мәжілістен кейін министрлікке: Ринат Зайыт қайда жұмыс істейтінін айтты
ашық дереккөз
Айтыскер ақын, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа жұмысқа келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ол YouTube желісіндегі Adal ADAM арнасына берген сұхбатында айтқан.
Ринат Зайыттың сөзінше, жаңа Қорғаныс министрінің шақыруымен қазан айының басында аталған орталыққа келген.
«Қазанның басында жаңа Қорғаныс министрінің шақыртуымен Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа келдім. Бұл орталық әскери ансамбль, оркестр, патриоттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты», – деді ол.
Бұрынғы депутат жаңа жұмыс орнының қызметіне де тоқталды. Оның айтуынша, орталық әскери-патриоттық бағыттағы мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен, сондай-ақ әскери шығармашылық ұжымдардың жұмысымен айналысады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 27 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалған.