Қыз зорлады деген күдікке ілінген оқушы ұсталды

Фото: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2490

Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында «жоғары сынып оқушылары бір қызды зорлады» деген ақпарат тарағаннан кейін ауылда шу шығып, екі көлік және бірнеше қора өртенген, деп хабарлайды madeniportal.kz.

 Кей ақпаратқа қарағанда, оқиға 24 сәуір түнгі сағат екілер шамасында болған. Ауылдың кәмелетке толмаған бірнеше тұрғыны тергеліп жатқаны хабарланды.

Ауылды күштік құрылымдар қоршаған, интернет өшірілген деп айтылады.

Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, “кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр”.

Кәмелетке толмаған бір күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. Сараптама тағайындалған. Полиция тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайтынын айтты.

Полиция хабарламасында «мүлікті өртегендерге қатысты» мәлімет айтылмайды.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, полицияға кәмелетке толмаған қыз баланың зорланғаны жөнінде арыз түскен. Ауылда біреу күдіктінің туыстарына тиесілі қора-жай мен көліктерді өртеген. «Біреудің мүлкін қасақана бүлдірді» деп күдікке ілінгендер полицияға жеткізілген. Құқық қорғау органдары ауылды бақылауға алған.

Шамамен 5,4 мың тұрғыны бар Зағамбар ауылында 4 мыңға жуық өзбек тұрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...