Сәтсіз пиар: Жалған полицей автокредит жарнамалап айыппұл арқалады

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2105

Абай облысында 22 жастағы семейлік азамат жарнамаға креативті көзқараспен қарауды ұйғарып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Семейде жас жігіт жарнаманы креативті етемін деп полицей формасын киіп, жеңілдетілген автонесиелеуді жарнамалаған видеоролик түсірді. Алайда оның актерлік шеберлігін клиенттер емес, нағыз полиция қызметкерлері бағалады. 

Тексеру барысында оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Енді жарнамалық жетістік орнына — айыппұл, ал формалық киім тәркіленді. 

Ескерту: ресми форма мен айырым белгілерін заңсыз пайдалану — құқық бұзушылық! Мұндай "эксперименттер" үшін айыппұл салынып, форма тәркіленеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...