Астанада күн салқындайды, Алматыда нөсер жаңбыр жауады. 28–30 маусымға арналған ауа райы болжамы

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
531

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде – 28, 29 және 30 маусымда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

28 маусымда күн ала бұлтты болады. Кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы – секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +18…+20°C, күндіз аптап ыстық болып, +31…+33°C-қа дейін көтеріледі.

29 маусымда күн ала бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал. Жел солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +26…+28°C болады.

30 маусымда күн ала бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы – секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +23…+25°C болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

28 маусымда күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр соғады, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз қатты ыстық болып, +33…+35°C-қа дейін көтеріледі.

29 маусымда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр соғады. Ауа температурасы түнде +23…+25°C, күндіз қатты ыстық болып, +35…+37°C болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...