Ресейдің Алтай Республикасында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның екі а...
Мектеп оқушылары мінген автобус апатқа ұшырап, 20 адам көз жұмды
Фото: freepik
Угандада мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 21 адам, оның ішінде 20 оқушы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға бейсенбі күні кешке Капчорва округіне қарасты Чеквати ауылында болған.
Полицияның мәліметінше, автобус ел астанасындағы бастауыш мектептердің бірінің оқушыларын Сипи сарқырамасына ұйымдастырылған экскурсиядан кері алып келе жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, кері қайтар жолда жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі үлкен жартасқа соғылып, аударылған.
Қолдағы мәліметке сәйкес, кері қайтар жолда автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Автобус жолдан шығып, жол жиегіндегі үлкен жартасқа соғылып, аударылды, — деді Жол қозғалысы және жол қауіпсіздігі басқармасының ресми өкілі Майкл Кананура.