Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның есімі белгілі болды

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар
638

ҚР Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан офицер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап. 

«Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде болған авиациялық апат салдарынан Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, 1988 жылы туған майор Батыр Қайратұлы Оразымбетов қаза тапты», – делінген хабарламада.

Майор Оразымбетов 2009 жылы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтын «Ұшақтар, тікұшақтар және авиациялық қозғалтқыштар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қызмет жылдарында Әуе қорғанысы күштерінде түрлі лауазымдарды атқарып, Ми-8 тікұшағын басқаруда 500 сағаттан астам ұшу тәжірибесін жинақтаған. Қызметі үшін ол мерейтойлық медальдармен және ұзақ қызметі үшін марапаттармен марапатталған. Майордың артында жары мен екі баласы қалды.

«Тікұшақтың қатты қонуы салдарынан авиациялық эскадрилья командирі, майор Бибарыс Ибраев және оқу-жаттығу авиациялық орталығының аға ұшқыш-нұсқаушысы, аға лейтенант Рүстем Нығметов те зардап шекті. Олар қазір облыстық ауруханада, жағдайлары тұрақты ауыр деп бағаланған. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан офицердің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтты. Қайтыс болған офицердің отбасы мен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілетіні хабарланды. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...