Мектеп оқушылары ұйқыдағы қыздың денесін жантүршігерлік жағдайда күйдірген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1636

Лисаков қалалық сотында оқушылар арасындағы болған аяусыз іс-әрекеттер қаралды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сот мәліметінше, сәуірінде кәмелетке толмаған екі оқушы Лисаков қаласындағы пәтерлердің бірінде тамақ дайындауға арналған металл қалақты газ плитасына қыздырып, ұйықтап жатқан қыздың денесіне басқан. Оның сол жақ бетін, оң аяғын және сол қолын қасақана күйдірген. Кәмелет жасына толмағандар қыздың денсаулығына зиян келтіріп, моральдық азап тарттырғаны анықталды.

Сот шешімімен айыпталушылардың ата-аналары ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрі 1 млн теңге моральдық зиян өтелуі керек. Сот қаулылары заңды күшіне енді.

 

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...