Мектепте құрамында есірткісі кәмпиттер таратылып жатыр- полиция жауап берді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2072

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мектептерде ішінде есірткі өнімдері бар кәмпит таралып жатқан көрінеді. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда ІІМ бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

“Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн. Сонымен қатар біз ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске саламыз”, - деп мәлімдеді полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...