Шерзат Полаттың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 10 сәуірде өтеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады
Сурет: Ақорда
1657
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.