Мемлекет басшысы: «Қазақстан мен Ресей – өзара сенімді, уақыт тезінен өткен стратегиялық серіктестер әрі одақтастар»

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
920

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде іскерлік сапары жалғасуда, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Біздің елдеріміздің тарихи тамыры, өткені мен құндылықтары ортақ. 
Қос халықтың достығы – тағдырдың жазуы.

Барлық деңгейде сенімді диалог жүргізудің арқасында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының мән-мазмұны ұдайы толығып келеді.

Екі елге ортақ әлемдегі ең ұзын құрлық арқылы өтетін шекара – халықтарымыздың мәңгілік достығы мен тату көршілік қарым-қатынасының айғағы.

Орайлы сәтті пайдаланып, Форум қызметіне және барлық салада өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға әрдайым назар аударып, қолдау көрсеткені үшін Ресей Президентіне алғыс айтамын.

Бірге күш-жігер жұмылдыру арқылы алға қойған мақсаттарымызға жететінімізге сенімдімін», деді Президент.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...