Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1062

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақ...

СПОРТ

Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы Аламгир Смақов түркиялық атақты «Бешикташ&raquo...