«Мұны тергеуші жазды»: Нұрай Серікбай ісінде айыпталушы алғашқы жауабынан бас тартты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
101

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймаханның тергеу барысында берген жауабын жоққа шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Сот төрағасы Саммидин Темірлаев іс материалдарын жариялап, тергеу деректеріне сәйкес, оқиға күні Шерхан Аймахан Нұрайды кездесуге шақырғанын, ал қыз серуендеуден бас тартқаннан кейін оны ұзындығы 25 сантиметр болатын пышақпен жарақаттағанын мәлімдеді.

Тергеу материалына сәйкес, оқиғадан кейін айыпталушы Түркістан облысына барып, сол пышақпен өзіне қол жұмсамақ болған.

«Сіз көлікке отырып, Нұрайға қолданған пышақпен өзіңізге қол жұмсамақ болғаныңызды айтқансыз. Пышақты өзіңізге сұққанмен, батылыңыз жетпегенін, кейін телефоныңызды лақтырып, пышақтарды алып әрі қарай кеткеніңізді көрсеткенсіз. Ал кеше сотта ештеңе есіңізде жоқ екенін мәлімдедіңіз. Мұны қалай түсіндіресіз?» деп сұрады судья.

Бұған жауап ретінде Шерхан Аймахан бұл мәліметтердің барлығын тергеуші өзі ойдан шығарып, хаттамаға енгізгенін айтты. Алайда судья жауап алу хаттамасына айыпталушының адвокаты қол қойғанын, сондықтан оның қолдан жасалуы мүмкін емес екенін еске салды.

Соған қарамастан, айыпталушы тергеу кезінде берген алғашқы жауабын мойындаудан бас тартып, оқиғаға қатысты ештеңе есінде жоқ екенін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада 29 жастағы ер адам көлікте отырып, белгі беретін тапаншадан аспанға екі рет оқ атқаннан кей...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таиландта із-түзсіз жоғалған Ресей азаматтары – 22 жастағы Диана мен 17 жастағы Романның қаза...