Осы бір, қаптап кеткен арзан-қол шоу-програмдарды негізге алып - "кезінде Димашты біздің Ел кер...
Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешов уақытша қамауға алынды
Фото: z-taraz.kz, ertenmedia коллажы
1480
Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Антикордың дерегіне сүйенсек, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылған. Шенді қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Әбдешов бұл қызметке биылғы ақпанда, Руслан Берденов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған тұста келген.
Шендінің тұтқындалуы әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры Ернар Жиембайдың Берденовке қастандық ісі бойынша атышулы сот процесімен тұспа-тұс келіп отыр. Айтпақшы, компанияда дәл қазір аудит жүргізілуде.