Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кең...
Мемлекеттік грантқа байланысты конкурс мерзімінің қабылдау уақыты ұзартылды
Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының өзге де аймақтарында ерекше режимнің 13 сәуірге дейін ұзартылуына байланысты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген, үкіметтік емес ұйымдарға грант ұсыну Жоспарының негізінде 2020 жылдың 5 наурыз күні жарияланған конкурсқа қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардан өтініш қабылдау мерзімі 2020 жылдың 17 сәуіріне дейін қайта ұзартылғанын хабарлайды.
Орталық конкурсқа қатысуға өтініштер қабылдауды 2020 жылдың 17 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 18:00-де аяқтайды. Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен ақпараттар мен құжаттар есептелмейді және қарастырылмайды.
Сонымен қатар, Орталықпен өтінімдердің қағаз нұсқасын қабылдау келесі мекен-жай арқылы 2020 жылғы 13 сәуірден бастап жүзеге асырылатындығын мәлімдейміз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Apartments» бизнес орталығы, 2 қабат, 211 кабинет.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдеріңізді жасақтау барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 Бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру Қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) талаптарымен мұқият танысуларыңызды және Қағиданың келесі талаптарына сәйкес келуін тексерулеріңізді сұраймыз:
Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы ақпараттың болуын:
1. Грант жоспарына, нақтырақ айтқанда, жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеттері, қаражаты, территориялық аумағы, күтілетін нәтижелеріне сәйкес келуіне;
2. Грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтінім беруші қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келуін;
3. Қағиданың 10 тармағына сәйкес келуін:
Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақытынан кешіктірмей, операторға пошталық байланыс арқылы және (немесе) қолма-қол және (немесе) веб-портал арқылы қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі құжаттарды қамтитын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі өтінімді енгізеді:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;
5) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;
6) ұйым жарғысының көшірмесі;
7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы;
8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;
9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар.
Өтінімдерді пошта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізер кезде құжаттар тігіледі және өтінім берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі.