ҰҚК 45 жастағы шетел азаматына халықаралық іздеу жариялады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
57

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы Уильямс Коулға халықаралық іздеу жариялады. Шетел азаматы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту дерегі бойынша іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы мәліметке сүйенсек, іздеу ісі 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген. Іздеуге ҰҚК бастамашы болған, ал ер адамды Сарыағаш аудандық полиция бөлімі іздестіріп жатыр.

ҰҚК баспасөз қызметі NUR.KZ-ке ер адамның Қылмыстық кодекстің 392-бабы бойынша іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. Бұл бап Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтуге қатысты.

Уильямс Коулдың қай елдің азаматы екені және оқиғаның мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.

Шоу-бизнес

Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Жанар Байсемізді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жексенбі, 22 қарашада, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында...